«Электрондық үкімет» веб-порталын пайдалану құқы туралы
КЕЛІСІМ
- Келісім пәні.
«E.GOV.KZ» «электрондық үкімет» веб-порталының иесі Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі болып табылады.
Бұл Пайдаланушы келісімі (ары қарай - Келісім) «E.GOV.KZ» (ары қарай - Портал) иесі мен «E.GOV.KZ» (ары қарай - Пайдаланушы) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге арналған.
Порталға тіркелген және портал қызметтерін пайдаланушылар кез келген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Келісім пайдаланушының тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
- Жалпы ережелер.
Портал ақпараттық және интерактивті мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті бірден бір кіру нүктесі болып табылады.
Порталдың негізгі тілі – мемлекеттік, сонымен бірге орыс және ағылшын тілінде қамтылған.
Порталды әкімшіліктендіруді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізеді, өкілетті түрде Порталға ақпарат орналастыру және айырбастауды жүзеге асырады.
Келісім ешкімнің арнайы хабарлауынсыз Портал арқылы өзгертілуі мүмкін. Келісімнің белсенді версиясы http://www.e.gov.kz/agreement.doc адресі орналасқан бетте.
- Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері.
Пайдаланушы тіркеу формасында ұсынылған мәселелер бойынша толық және нақты ақпарат жеткізуге міндеттеледі. Басқа жағдайда, Портал Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға құқылы.
Порталға материал орналастырған кезде Пайдаланушы сол материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс пайдаланылғанына жауап береді.
Порталда мына ақпаратты орналастыруға тыйым салынады:
- пайдаланушының заң бойынша немесе қандай да бір келісім-шартқа сәйкес кіруіне құқы жоқ ақпарат;
- мүлік иесінің авторлық құқы мен/немесе аралас құқын бұзатын ақпарат;
- жәбірлеу, сонымен қатар адамдарды қандай да бір насихатшыл кемсітушілік мазмұнындағы ақпарат;
- белгісіз кірулерді жүзеге асыру үшін жіберілетін вирусы немесе басқа да компьютерлік бағдарламары бар ақпарат пен/немесе материалдарға сілтеме.
Порталды мына мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады:
- қандай бір мемлекеттік орган немесе халықаралық заңдардың қасақана немесе абайсызда бұзу;
- осы Келісімнің 3 бөлімінің қандай да бір пунктін бұзғандардың жекелеген ІР-адрестерін блоктап немесе адрестер топтарының жазбаларын алып тастауға Портал әкімшілік тәртіпте құқылы.
- Порталдың құқықтары мен міндеттері.
Портал Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан тыс Пайдаланушы туралы жеке ақпаратты таратпауға міндетті.
Портал өзге келісімдермен реттелетін Пайдаланушыға ақылы түрдегі қызметті көрсетуге құқылы.