Жалпы білім сатылары
Мектеп балаға тек білім ғана бермейді, оны өзін-өзі ұстау мәдениетіне, қарым-қатынасқа, бір-біріне жанашырлыққа үйретеді. Қазастан Республикасының «Білім туралы» Заңы әрбір азаматтың орта білім алуын міндеттейді. Тұлға қалыптастыру функциясын елімізде 8 мыңға жуық мектеп атқарып отыр.
Орта білімді үш сатыға бөлуге болады:
- бастауыш (1-4 сыныптар)
- негізгі (5-9 сыныптар)
- жоғары (10-11(12)сыныптар).
Қазақстанда жалпы білім беретін мектептермен қатар пәндер бойынша тереңдетіп оқытатын лицейлер мен гимназиялар бар. Түрлі пәндер бойынша тереңдетіп оқытатын мектептер саны бүгінгі күні мыңдаған бірліктерге жетеді. Бірнеше пән бойынша тереңдетіп оқыту жеткіншек жастардың танымы мен білімін кеңейтеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы коррекциялық білім ошақтары бар. Коррекциялық педагогиканы жетілдіруде, оның ғылыми-зерттеу қызметін арттыруда коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жарғысына сәйкес оқушылар оқу құралдары мен оқу-әдістемелік жабдықтарды пайдалануға хұқылы. Оқулықтардағы ғасырлар бойы жинақталып қалған былықты шешу қиын, сондықтан жыл сайын ҚР білім және ғылым министрлігі бұйрығымен расталып, Қазақстан Республикасы білім беру мекемелеріне арналған әдебиеттерді қайта қарау арқылы жаңа оқулықтар шығарылып отырады. Оқу әдебиеттерінің сапасын бақылау экспертиза ұйымдарымен жүзеге асады. Оқулықтарды сұрыптау Банк ережесінің құрылымына сәйкес тіркелген эксперттер тобымен жасалады.
Әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны
Білім берудің арнайы коррекциялық ұйымдары