12-жылдық білім
Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.2005-2008 жылдарға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2003-2004 оқу жылдарында бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, 2004-2005 оқу жылында олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр.
Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.
Әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер
Білім берудің арнайы коррекциялық ұйымдары