Бірінші рет – бірінші сыныпқа
Егер сіздің балаңыз 6 жасқа толса, ол мектеп өмірінің алғашқы сәттерін көруі керек. Ата-ана оқу мекемесын өзі таңдауға хұқылы. Естеріңізде болсын, 1 сыныпқа әріп танып, жаза білу міндетті емес, себебі бастауыш мектеп соны қамтамасыз етеді.
Егер 1-сыныпқа келгенде балаңызға тест тапсыру міндеті жүктелсе, онда саспаңыз. Баладан тез оқып, жазуды, ешқандай қиындықты талап етпейді. Мұндай тесттердің мақсаты – баланың мектепке психологиялық дайындығын, зияткерлігін байқау. 2005-2006 оқу жылындағы 12 жылдық эксперименталдық сыныптарды қабылдау туралы Методикалық ұсынымда тестте оқу бағдарламасының материалдары болмауы тиіс делінген.
Баланы мектепке қабылдауға қажетті құжаттар:
- Ата-анадан өтініш;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- медициналық карта (форма № 026 - V);
- тұрғылықты мекен-жайынан анықтама;
- фотосурет 3Х4 – 2 дана.
Әр түрлі пәндер бойынша тереңдетіп оқытатын мектептер саны
Білім берудің арнайы коррекциялық ұйымдары